Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

2024 жылы 23 мамыр күні Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде арнайы пән оқытушысы А.Б.Курмансеитовтың ұйымдастыруымен «Менің мамандығым, менің мақтанышым» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Осыған орай кешімізге еңбектің теміржол саласында қызмет етіп жүрген іскер маман «ҚТЖ – жүк тасымалы» ЖШС филиалы вагон пайдалану депосының аға нұсқаушысы Манапов Ербол Каирович шақырылды. Кездесу барысында «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының болашағы мен маңыздылығы айтылып, сонымен қатар орын алып отырған мәселелер аясында презентация мен видеороликтер көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелер талданып, білім алушылар қажетті ақпараттармен бөлісті.

Болашақ теміржолшылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, әлеуметтік серіктестерімен өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу – басты міндет.

 

#ждсеріктестік #жджұмысберушілер #ждколледж