Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ"

22.05.2024 ж. Тараз қаласының Мәдениет үйінде Көлік Министрлігінің ұйымдастыруымен қаланың мектептерінің 9,11 сынып оқушыларына ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға қаланың көлік саласындағы (көлік, ұшақ, теміржол) өндіріс өкілдері мен көлік саласына мамандар дайындайтын оқу орындарының өкілдері қатысты.

Алғы сөзбен іс шараны ашқан Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Мыркалыков Досжан Джумаханович, ол болашақта көлік саласындағы өндіріс және оқу орындарының ынтымақтастығы жалғастырылатыны туралы айтып өтті. Өндіріс өкілдері жұмыс орындар туралы, жұмыс тәртіптерімен бөліскен болса, оқу орындарының өкілдері мамандықтар туралы айтты. Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінен кәсіби бағдар беруші Г.Жанкуанышева колледж туралы айтып, мамандықтарды таныстырды. Оқушылар қонақтардың сөздері мен бейнероликтерін қызығушылықпен тыңдады.

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің әкімшілігі колледждің мамандықтары, оқуға түсу тәртібі туралы оқушыларды ақпараттандыруға мүмкіншілік жасаған Көлік Министрлігіне алғыс білдіреді! Ынтымақтастығымыз жалғаса берсін!