Тараз теміржол көлік және

коммуникация колледжі 

Колледж миссиясы: Индустриалды-инновациялық дамуға сұранысты ескере отырып, теміржол кәсіпорындары үшін жоғары жеке қасиеттерге ие, жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Бегущая строка текста в HTML
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде білім ал. Сен өкінбейсің!!! Получай знания в Таразском колледже железнодорожного транспорта и коммуникаций. Ты не пожалеешь!!!

Біздің жетістіктеріміз

Галерея

   Техникалық және кәсіптік білімді дамытуда 2021 жылдың 18 мамыр күні колледжде «Дәнекерлеу ісі», «Жиһаз өндірісі», «Токарьлық іс және металл өңдеу» құзыреттіліктері және «Мобильді роботатехника» бойынша 1-2-3 курс білім алушыларының арасында директордың оқу өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тайбековпен арнайы пән оқытушысы Т.Дильдабековтың ұйымдастыруымен колледжішілік «Worldskills» байқауы өткізілді. Байқау берілген тапсырмалар бойынша өткізіліп,  білікті кадрларды даярлауға, кәсіби білім сапасын арттыруға және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен мобильді роботатехника бойынша I-дәрежелі дипломмен Шегай Вячеслав, Ералы Маржан марапатталды, II-дәрежелі дипломмен Гонченко Богдан, Юлдашев Мурат марапатталды. Дәнекерлеу ісі құзыреттілігі бойынша I-дәрежелі дипломмен Пушкин Алексей марапатталды, II-дәрежелі дипломмен Черненко Олег марапатталды, III-дәрежелі дипломмен Бондаренко Юрий марапатталды және Конзычаков Сухраб пен Саримамедов Гупал алғыс хатпен марапатталды. Токарьлық іс және металл өңдеу құзыреттілігі бойынша I-дәрежелі дипломмен Аязбай Батухан марапатталды, II-дәрежелі дипломмен Даулетбай Фатих марапатталды, III-дәрежелі дипломмен Абжамалов Шахрузжан марапатталды. Жиһаз өндірісі құзыреттілігі бойынша I-дәрежелі дипломмен Мамедалиев Курбан марапатталды, II-дәрежелі дипломмен Насонова Евгения марапатталды, III-дәрежелі дипломмен Умнихина Наталья марапатталды. Айта кетейін «Мобильді роботатехника» колледжімізде биыл 1-ші рет өтуде, осыған орай Төлепберген Умирзаковичке алғысымды айтамын, өйткені осы кісінің ұйымдастыруымен болды, және де қолдау жасап, ат салысқан колледж ұжымына алғысымды айтамын.